УЕФА: Маусымның үздік футболшысы – Петр Бадло
УЕФА Қазақстандағы маусымның ең үздік ойыншысына «Ақтөбе» футбол клубының капитаны Петр Бадлоны лайықты деп тапты.
Қорғаушы чемпионатта 29 матч өткізіп, 4 гол соққан. 37 жастағы футболшы голдарының барлығын мықты командалардың қақпасына енгізіп, оның үшеуі жеңіс голына айналған.
Ең жас ойыншы номинациясында қарағандылық «Шахтер» клубының қақпашысы - Стас Покатилов үздік атанды. Ол маусымның негізгі бөлігін Оралдың «Ақжайығында» өткізді. Жазда қақпашы кеншілердің құрамына ауысты.