Криштиану Роналду ФИФА президентімен кездесуден бас тартуда
Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду ФИФА президенті Йозеф Блаттермен кездесуден бас тартты, деп хабарлайды vesti.ru.
ФИФА президенті Роналдумен жеке кездесіп, «Ол өз шашына тым көп уақыт жұмсайды» деген сөздері үшін кешірім сұрағысы келеді. Алайда португалиялық ойыншы 77 жастығы швейцариялықтың кездесуге деген кез келген әрекетін елемей келеді.
Естеріңізге сала кетейік, Роналду «Алтын доп» жүлдесінің марапаттау кешіне барудан бас тартпақшы. Блаттер мырза осы кеште футболшымен жеке кездеспекші еді.