Футболшылар наразылық акциясын ұйымдастыруда
«Bom Senso FC» деп аталған шараға бұл аптада Бразилия жоғары лигасындағы жеті матч қосылды. «Гремио» мен «Васко да Гама» футболшылары төреші ысқырығы естілгеннен кейін жарты минут доп теппей тұрып алды.
«Сан-Паулу» мен «Фламенго» матчында қарсыластар бір минут бойы бір-бірімен пас алмасып тұрды. Ал қалған ойындарда қарсыластар алаңның орталық шеңберінде бір-бірінің қолынан ұстап тұрып алды.
Олардың басты талаптары күнтізбегі ойындар санының аз болуы. Қазіргі уақытта Бразилияның А сериясында алты ай ішінде 38 матчтан өткізіледі. Сонымен қатар негізгі турнир басталатын уақытта бразилиялық клубтар әртүрлі аймақтық чемпионатқа қатысады.