Мадридтік «Реал» өзінің «жаңажылдық мәзіріне» уругвайлық Луис Суаресті енгізіп қойды
Осыдан бір ай бұрын мадридтік клубтың жетекшісі команда сапында көргісі келетін футболшылар тізімін түзгенде, уругвайлықтың аты бірінші болып тұрған еді.
Оның агенті Пере Гвардиола жазғы трансфер маусымында «Бернабеу» қожайындарымен Суарестің «Ливерпуль» сапынан 45 миллион еуроға Мадрид клубына өтуге ауызша келісімшарт жасаған болатын.
Алайда уэльстік Гарет Бэйлдің трансфері «Реал» клубы үшін қомақты қаржылай салмақ түсу себебінен, мадридтіктер өз сапындағы неміс футболшысы Месут Озилді лондондық «Арсеналға» сатты. Суарестің трансфері осы оқиғалардың көлеңкесінде қалып қойды.
Алаңдағы тентектігімен аты шыққан Суаресті жазғы трансфер маусымында сатып алуға екіойлы болып қалған Флорентино Пересті танымал жаттықтырушы Карло Анчелотти бірнеше негіздемелер арқылы 47 миллион еуроға сатып алуға көндірген сыңайлы.
marca.com