Теміржолшылар шағын футболдан жарысқа түсті
Биыл қазақ футболына 100 жыл толып отыр. Бір ғасырды артқа тастаған футбол ойынының еліміздегі даму қарқыны жаман емес.
Жуырда, Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде «Әскериленген теміржол күзеті» Алматы филиалының қызметкерлері арасында мини-футболдан жарыс өтіп, 8 ауданнан келген ойыншылар бар өнерін ортаға салды. Мұнда үздік ойыншы, үздік қақпашы, жеңіске жеткен команда бәрі де қомақты сыйақыға ие болды. Ал бас жүлдені Көксу станциясындағы атқыштар командасы қанжығаға байлады.
Аталған спорт додасы Қазақстан Темір жолының кәсіподақ күніне орай ұйымдастырылды.