Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Фарер аралдарымен ойнайды
Бүгін 2014-ші жылғы Әлем чемпионатының іріктеу тірнирі аясында Қазақстан құрамасы Фарер аралдары құрамасымен кездеседі.
Кеше жергілікті уақыт бойынша кешкі алтыда Қазақстандық футболшылар мен бір топ журналистер мінген ұшақ Фарер аралдарына келіп қонды. 10 сағаттық ауыр жолдан шаршағандарына қарамастан футболшылар табандары жерге тиісімен бірден стадионды бетке алды. 4-5 мың ғана көрерменді қабылдай алатын стадионның жасанды жасыл алаңында жаттығу жасап, аз да болса жергілікті климатқа бой үйретті.
Бас бапкер Мирослав Беранек ойын алдындағы баспасөз мәслихатына Нұрбол Жұмасқалиев пен Мақсат Байжановты ерте келіпті. Жігіттер жанкүйерлер үмітін ақтау үшін аянып қалмайтындықтарын айтты.