Нұрбол Жұмасқалиев Қазақстан рекордын жаңартты
«Тобыл» командасының жартылай қорғаушысы биылғы маусымда гол саны бойыншы Қазақстан чемпионатының рекордын жаңартты.
«Тобылдың» жартылай қорғаушысы қарсылас қақпасын 152 рет дәл көздеген.
Бұған дейін бұр рекорд алты жыл бойы Олег Литвиненконың еншісінде еді. Жұмасқалиев рекордқа қол жеткізу жолында Қостанайдың «Тобыл» командасында 13 маусым өткізген.
««Тобыл» сапындағы бірінші голымды өзім бұрын өнер көрсеткен клубыма, «Жетісудың» қақпасына салған едім», деді ол UEFA сайтына берген сұхбатында. (фото uefa.com).
«Шынымды айтсам рекорд туралы ойламаппын, бұны бір таңғаларлық жетістік деп қабылдамаймын. Бізде рекордты жаңартатын футболшылар бар және болатынына сенімдімін. Ал мен келесі маусымда өз жетістігімді одан да жақсарта түссем деген ниеттемін», деп қорытындылады футболшы.
eurosport.ru