Роберт Левандовски «Бавария» клубымен келісім-шартқа қол қойды
Польша құрамасының ойыншысы Роберт Левандовски мюнхендік «Бавария» клубымен келісім-шартқа қол қойды. Футболшының «Боруссия» клубымен келісімі осы жылғы маусымның соңында бітеді. 25 жастағы шабуылшы 2014 жылдың 1-ші шілдесінен бастап мюнхендік «Бавария» құрамында ойнайтын болды.
Медициналық тексерістен кейін, «Бавария» және Роберт Левандовски тараптары атынан Карл-Хайнц Румменигге мен Матиас Заммер, агенттері - Цезари Кухарски мен Майк Бартелмен бірге екі жақты келісім шартқа қол қойды. Келісім-шарт мерзімі – 5 жыл, яғни 2019 жылдың 30-шы маусымына дейін.
«Бүгін біз бес жылдық келісім-шартқа қол қойдық. Бұл трансферге өте қуаныштымын, әлемдегі үздік шабуылшылардың бірі – Роберт Левандовскидің «Бавария» ойынын күшейтетіне сенімдімін», деді «Бавария» клубының басқарма төрағасы Карл-Хайнц Румменигге.
fcbayern.de