Мирослав Беранек Ұлттық құрамамен қош айтысты
2013 жылдың 31 қаңтарында футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Мирослав Беранектің келісімшарт мерзімі аяқталды. Жақын арада жаңа бапкер таныстырылады. Ал бүгін футбол федерациясы чех азаматының жұмысына алғыстарын білдіріп, шапан жапты.
«Беранектің жаттықтыруымен Ұлттық құрама ойынына өзгерістер енді. Соңғы үш жыл ішінде Қазақстан Еуропаның мықты командаларымен өткізген ойында табандылық көрсетті. Молдова және Грузия командаларын ұтты. Енді жаңа бағыттағы даму жолын жаңа бапкер бастайды», - дейді Қазақстан Футбол федерациясының бірінші вице-премьері Саян Хамитжанов.