Массимилиано Аллегри «Миланнан» кетті
Команданың кезекті жеңілісінен кейін «Милан» клубының басшылығы бас жаттықтырушы Массимилиано Аллегриді қызметінен босатты. 12-ші қаңтар күні «Милан» қонақта «Сассуоло» командасына 4:3 есебімен есе жіберді. Қатарынан жетінші рет жеңілген «Россонери» 22 ұпаймен Италияның А сериясында 11 орында тұр. Жаттықтырушы міндетін уақытша бұған дейін көмекшілік қызметте болған Мауро Тассотти атқаратын болды.
Аллегри «Милан» тізгінін 2010-шы жылдың жазында ұстап, сол жылы Италия біріншілігі мен ел кубогын ұтқан болатын. 2012 жылдың қаңтарында Аллегри 2013-2014 жылдар маусымының аяғына дейін келісім шартын ұзартқан болатын.
Спорттық басылымдар бас жаттықтырушы болып «Миланға» осы клубтың бұрынғы ойыншылары Кларенс Зеедорф пен Фелипе Индзаги келеді деген болжам айтуда.