Астанада мадридтік «Реалдың» академиясы ашылуы мүмкін
Бүгін Астана Футбол федерациясының жетекшілері «Реал Мадрид» қорының өкілдерімен кездесу өткізді.
Испанияның «Реал Мадрид» клубынан техникалық директор Пабло Гомес Ревенга және білім беру бойынша жауапты Мануель Паррено Родригес қатысты,
Кездесудің басты тақырыбы – елордада «Реалдың» балалар және жасөспірімдер мектебін ашу мүмкіндігі болды. Айта кету керек, әлемнің 68 елінде мадридтік клубтың мектебі жұмыс істейді. Оның ішінде Қытай мен Ресей де бар.