Қазақстан ТМД елдері арасында УЕФА Конгресін алғаш өткізген ел атанбақ
Қазақстан ТМД елдері арасында УЕФА Конгресін алғаш өткізген ел атанады, деп хабарлайды Қазақстанның футбол федерациясы. УЕФА-ның кезекті 38-ші Конгресі Астанада 27 наурызда Тәуелсіздік сарайында өтеді. Тікелей эфирде оны UEFA.com сайтынан көруге болады.
«Бұл Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының Қазақстанға деген үлкен сенімін білдіреді, себебі Конгресс тұңғыш рет ТМД елдерінде өтпек», - деп жазады ұлттық федерацияның баспасөз қызметі.