«Ақтөбе» - Суперкубок иегері
Елордадағы «Астана-Арена» стадионында футболдан ҚР Суперкубок иегерін анықтауға арналған «Ақтөбе» мен «Шахтер» арасындағы матч аяқталды. Есеп - 1 : 0. Жалғыз голдың авторы «Ақтөбе» сапындағы бразилиялық футболшы Данило Неко.
Айта кетейік, өткен маусымда «Ақтөбе» ел чемпионы болса, қарағандылық «Шахтер» Ұлттық кубоктың иегері атанды.
Бүгінгі ойынға өскемендік төреші Руслан Дузмамбетов қазылық жасады. Оған алматылық Сергей Васютин мен Самат Тергеусізов көмектесті.
Ойынды «Қазақстан» телеарнасы мен «KAZsport» тікелей эфирде көрсетті.