«Ертісті» эстониялық маман жаттықтырады
Бүгін «Ертіс» футбол клубына жаңа бапкер таныстырылды. Ол Эстония құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы – Тармо Рюютли, деп хабарлайды sports.kz.
Павлодарлық клубтың жаңа жаттықтырушысы эстон футболының түлегі. 1954 жылы дүниеге келген. «Тулевик» (Вильянди), «Флора» (Таллин), «Левадия» (Таллин), «Калев» (Таллин) клубтарын жаттықтырған. Сонымен қатар, Эстония ұлттық құрамасында алты жыл бас бапкерлік қызмет атқарған.
Айта кетейік, бүгін «Ертіс» ойыншылары Тармо Рюютлидің жетекшілігімен алғашқы жаттығуларын өткізді.