«Ордабасы» командасын Саулюс Ширмялис жаттықтырады
«Ордабасы» футбол клубына жаңа бапкер тағайындалды. Бұған дейін Қазақстанның жастар құрамасын баптап келген литвалық маман Саулюс Ширмялис енді шымкенттік команданы жаттықтырады.
Облыс әкімі Асқар Мырзахметов биылғы чемпионатта жергілікті командаға алғашқы алтылыққа ену жөнінде тапсырма берген болатын. Жаңа бапкер осы мақсатқа жету үшін жұмыс жасайтынын мәлімдеді.
Шымкентке келген бапкер алғашқы жұмысын команданың құрамымен танысудан бастады. Шымкенттік футболшыларға «Ордабасы» клубының президенті Берік Омарбеков жаңа бапкерді таныстырып, сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Саулюс Ширмялис Литвадан басқа да Филиппин, Словакия елдерінде Оралдың «Ақжайық» командасында бапкерлік қызмет атқарған.