«Тобыл» футбол клубын енді Вардан Минасян жаттықтырады
Қостанайлық «Тобыл» футбол клубын енді Армения құрамасының бұрынғы бапкері Вардан Минасян жаттықтырады, деп хабарлайды vesti.kz. Дегенмен, Минасян әзір қызметіне кіріскен жоқ. Бапкермен келісімшарт ертең жасалады деп күтілуде. Вардан Минасян төрт мәрте Арменияның ең үздік бапкері атағына қол жеткізген.
Айта кетейік, бұл маусымда Қостанайлық клубты Қазақстандық маман Сергей Масленов бастап шыққан болатын. Алайда, клуб чемпионатта жақсы нәтижеге қол жеткізе алмай келеді. Қазір «Тобыл» турнир кестесінің 10-шы сатысында тұр.