Ойрат Сәдуов «Ертістің» бас жаттықтырушысының міндетін атқарады
Эстондық жаттықтырушы Тармо Рюютли «Ертістің» қостанайлық «Тобылдан» 0:3 есебімен ұтылғанынан кейін қызметінен кетті.
Енді команданың бас жаттықтырушысы міндетін атқару Ойрат Сәдуовке ұсынылып отыр. Бұл туралы команданың пресс-атташесі Мұхит Омаров мәлімдеді.
Еске сала кетейік, тоғыз турдан соң павлодарлық команда турнирлік кестенің 10-шы орнына тұрақтады.
sports.kz