Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Болгарияны ойсырата жеңдi
Бүгiн Отан қорғаушылардың төл мерекесi күнi футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2015 жылғы Әлем чемпионатының iрiктеу додасы аясында елорданың «Астана-Арена» стадионында Болгария құрамасын қабылдап, қарсыластарынан басым түсті. Қарсылас қорғанысын күл-талқан еткен аруларымыз 4:1 есебiмен жеңiске жеттi.
Алдымен жартылай қорғаушы Мадина Жаңатаева есеп ашса, соңынан команда капитаны Бегайым Қырғызбаева дубльдiң авторы атанды.
Екiншi таймда да басымдыққа ие болған аруларымыз 70-шi минутта есептi тағы еселей түстi. Қарсылас қақпасына төртiншi допты соққан Ұлттық құраманың үздiгі Мария Ялова болатын.
Қорытынды есеп - 4:1.
Қазақстан — Болгария 4:1 (3:1)
Голдар: Жаңатаева 9 (1:0), Қырғызбаева 21 (2:0), Қырғызбаева 34 (3:0), Кирева 43 (3:1), Ялова 70 (4:1)
Қазақстан: Железняк, Николаенко (Идиатуллина 14), Жолшиева, Красюкова, Мясникова, Жаңатаева, Иванова, Қырғызбаева, Карибаева (Алякина 65), Вылданова, Ялова (Бабшук 90)
Болгария: Шаханска, Махлелиева, Ражгева, Радойска, Петракиева (Господинова 61), Асенова, Начева, Петрунова, Кошулева, Кирева (Папазова 76), Попадийнова (Георгиева 81)
Бас төрешi: Каролина Радзик-Йохан (Польша)
Фото: kff.kz