Дидье Дрогба Түркияда шахта апатынан қаза тапқандардың отбасыларына көмектесті
«Галатасарай» ойыншысы Дидье Дрогба Түркияның Сома қаласындағы шахта апатынан қаза тапқан кеншілердің отбасына қаржылай көмек көрсетті. Бұл туралы Turk Futbol хабарлайды.
«Челси» командасының бұрынғы ойыншысы жеке қаражатынан апаттан қаза тапқандардың отбасына 1 миллион еуро бөлді. «Галатасарай» жейдесін киген 36 жастағы ивуарлықтың жалақысы жылына 7 миллион еуроны құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, апат 13 мамырда Түркияның Сома қаласында болды. Шахтада болған жарылыстан 282 адам қаза тапты, 100-ге жуық адам әлі де болса үйінді астында қалып отыр.
Фото: sport-xl.org