«Атлетико» - Испания чемпионы
![](https://i.qazsporttv.kz/old/articles/article_89804.jpg?w=730&h=431&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Футболдан Испания чемпионатының соңғы турында мадридтік «Атлетико» сырт алаңда «Барселонамен» кездесіп, 1:1 тең ойнады. Каталондықтар сапынан Алексис Санчистің соққан голына қонақтардан Диего Годин жауап қайтарды.
«Атлетико» 90 ұпай жинап, Испания чемпионы атанды. Үш ұпай кем жинаған «Барселона» екінші орынды иеленді. Үшінші және төртінші сатыға «Реал Мадрид» пен «Атлетик Бильбао» жайғасты. Бұл төрт клуб келесі маусымда Чемпиондар Лигасында ойнайды.
Айта кетейік, «Атлетико» тарихта оныншы рет Испания біріншілігінде топ жарып отыр. Соңғы рет, мадридтік клуб 1995-96 жылғы маусымда үздік шыққан.
Фото: Reuters