«Галатасарай» футболшылары алаңға каска киіп шықты

Түркия чемпионатының соңғы турында өз алаңында «Эрджиеспор» командасын қабылдаған «Галатасарай» футболшылары алаңға кеншілердің каскасын киіп шықты. Бұл арқылы ойыншылар Сома қаласындағы шахта апатынан  қаза тапқан кеншілердің отбасына қолдау білдірді. 

Соңғы деректер бойынша 13 мамырда болған апаттан  300-ге жуық адам қайтыс болған.

Бұл ойында Бурак Ильмаз мен Умут Булут бір-бір голдан соқты. Стамбулдық клуб 2:1 есебімен жеңіске жетіп, ел чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін «Галатасарай» ойыншысы Дидье Дрогба апаттан қаза тапқан шахтерлердің отбасыларына 1 миллион доллар көмек көрсеткен еді.

Фото: galatasaray.org

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды