Футболдан Қазақстан Кубогының ширек финалының жеребесі тартылды
Футболдан Қазақстан Кубогының ширек финалының жеребесі тартылды. Жеребе тарту рәсіміне «Қайрат» командасының 70-80 жылдардағы атақты қақпашысы Александр Убыкин қатысты.
Ширек финал ойындары 18 маусымға жоспарланған. Кездесу тек бір ойыннан тұрады және бірінші көрсетілген командалардың алаңында өтеді.
ҚР Кубогы. ¼ финал.
18 маусым
«Шахтер» - «Ертіс»
«Астана» - «Тобыл»
«Ақтөбе» - «Тараз»
«Атырау» - «Қайрат»