Гана құрамасының шабуылшысы «Атырау» қатарын толықтырды
Гана құрамасының 24 жастағы шабуылшысы Доминик Адийя «Атырау» клубымен келісімшартқа отырды.
Доминик Адийя спорттық карьерасын Ганадағы «Фейеноорд» академиясында бастады. Кейін ганалық «Харт оф Лайонз» клубына ауысқан. 2008 жылы норвегиялық «Фредрикстад» клубымен келісімшартқа қол қойған.
2010 жылы Доминик Адийя атақты италиялық «Милан» командасы қатарына алынады. Алайда негізгі құрамда бірде-бір ойын өткізбейді.
Кейін «Реджина» (Италия), «Партизан» (Сербия), «Каршияка» (Түркия) және «Арсенал» (Киев) клубтарын жалға беріледі.
2014 жылдың маусымында ганалық футболшы Киевтің «Арсеналымен» үшжылдық келісімшартқа отырады. Алайда, 2013 жылдың аяғында «Арсенал» банкротқа ұшырып, Украина чемпионатынан шығып қалады. Ал Доминик еркін агент болады.
Доминик Адийя 20 жасқа дейінгі футболшылар арасында өткен Әлем чемпионатының алтын медалін иеленген. «Атыраудың» жаңа ойыншысы сол чемпионатта 8 гол соғып, үздік сұрмерген атанған. 2010 жылы Африка ұлттарының кубогының финалында ойнайды. Гана құрамасынада 18 ойын өткізіп, 4 гол соққан.