«Ақжайық» тоғыз футболшысымен қош айтысты
Футболдан еліміздің бірінші лигасында ойнайтын Орал қаласының «Ақжайық» командасы 9 ойыншысымен қош айтысты.
Антон Авакянц, Дархан Залмұқанов, Еркін Тапалов, Жұмағали Әлібаев, Максим Иванченко, Мирад Жарылғасов, Нұржан Пернебаев, Мурад Гаджиханов және Данило Белича командамен қош айтысты.
Естеріңізге сала кетейік, «Ақжайық» командасы 10 турдан кейін 15 ұпаймен 9 орында келеді.