Қаржы полициясының 20 жылдығына орай мини-футболдан жарыс өтті
Спорт жанкүйерлерінің назарын Бразилиядағы Әлем чемпионаты жаулаған сәтте Қазақстан қаржы полициясы шағын футболдан өзара мықтыларды анықтауға кірісті.
Талдықорғанда еліміздің оңтүстік өңіріндегі облыстық және қалалық департамент қызметкерлері ала доп додасын осы мекеменің 20 жылдығына арнады.
Алматы қаласы мен Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарынан келген командалар ішінен жетісулық қаржы полицейлері суырылып алға шықты.
Енді олар ақтық додада еліміздің шығыс, батыс және солтүстік өңірлердегі әріпестерімен кездесетін болады.
Жанел Бертісов, Алматы облыстық Қаржы полициясы департаментінің бөлім басшысы:
Спорттық деңгейіміз жақсы болуы керек. Сондықтан әріптестерімізбен осы спортты сүйіп ойнаймыз. Келешекте осы және басқа да спорт түрлерін дамытуға өз үлесімізді қосамыз деп ойлаймын.