Футболдан ҚР Президенті Кубогы аяқталды
Футболдан ҚР Президенті Кубогы аяқталды. Үшінші орын үшін болған матчта 17 жасқа дейінгі Қазақстан Ұлттық құрамасы Тәжікстанға пенальти серисяында 3:4 есебімен ұтылды.
Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. Кароматулло Саидов пенальтиден есеп ашса, Әлібек Қасым таразы басын теңестірді.
Бұл турнирде қазақстандық футболшылар төртінші орынға ие болды. Ал финалда Испания футболшылары Грузиядан басым түсті.