«Ақжайық» ірі есеппен жеңіске жетті
Футболдан еліміздің бірінші лигасында Оралдың «Ақжайық» командасы өз алаңында алматылық ЦСКА ккомандасын 4:1 есебімен ұтты.
Ойынның 20 минутына дейін словениялық легионер Борут Семлер дубль авторы атанды. Бұл голдардың арасында алматылықтар сапынан Талғат Қанышев көзге түсті.
Үзілістен кейін алаң иелері тағы екі гол соғып, ойынды ірі есеппен аяқтады. Гол атворлары - Николай Забродин мен Рүстем Сахибов.
«Ақжайық» — ЦСКА 4:1 (2:1).
Голдар: Семлер 3 (1:0), Канышев 10 (1:1), Семлер 20 (2:1), Забродин 53 (3:1), Сахибов 79 (4:1).