Футболдан ӘЧ-2018 қабылдайтын стадиондар
ӘЧ-2018 қабылдайтын стадиондар
Ресей 2018 жылы өтетін Әлем біріншілігін қабылдайтын стадиондар құрылысын бастап кетті. Назарларыңызға ареналардың қазіргі және болашақтағы көрінісін ұсынамыз.
Қазан, «Рубин»
Сыйымдылығы: 45 мың орын.
Бағасы: 14 миллиард рубль.
Пайдалануға тапсырылатын мерзімі: 2014 жыл, тамыз айы.
Стадионның премьер-лигадағы алғашқы ресми кездесуі биыл 17-ші тамыз күні «Рубин» мен «Локомотив» клубтарының арасында өтеді. «Рубин» - бұл стадионда 2015 жылға дейін ойнайды. 2015 жылдан кейін арена су спорты түрлері бойынша бассейнге айналады. Жалпы Қазан стадионы – универсал арена. Мамыр айында осы стадионда соңғы қоңырау кеші өткен болса, Рамазан айында мұсылмандар үшін ауызашар берілген.
Мәскеу, «Спартак»
Сыйымдылығы: 44 мың орын (ӘЧ-соң 42 мың).
Бағасы: 15 миллиард рубль.
Пайдалануға тапсырылатын мерзімі: 2014 жыл, қыркүйек.
Бұл арена 5-ші қыркүйек күні «Спартак» және «Црвена Звезда» клубтарының арасындағы жолдастық кездесуімен ашылады.
Сочи
Сыйымдылығы: 40 мың орын.
Бағасы: 15 миллиард рубль.
Пайдалануға тапсырылатын мерзімі: 2016 жылдың екінші жартысы .
«Фишт» стадионы Қысқы Олимпиаданы өткізіп, реконструкцияны күтіп тұр. Яғни, аренаның үстіңгі шатыры алынып тасталады. Жөндеу жұмыстары 2016 жылы аяқталып, 2017 жылы Конфедерация кубогын өткізеді.
Санкт-Петербург
Сыйымдылығы: 69 мың көрермен.
Бағасы: 35 миллиард рубль.
Пайдалануға тапсырылатын мерзімі: 2016 жылдың маусым айы.
Санкт-Петербургтің Құқықтық мәжілісінің депутаты Виталий Милонов бұл аренаны «Путин-Арена» деп атауды ұсынды.
Нижний Новгород
Сыйымдылығы: ӘЧ-2018 де 45 мың, онан соң 35 мың орын болмақ.
Бағасы: 15 миллиард рубль.
Пайдалануға тапсырылатын мерзімі: 2016 жылдың аяғы.
Нижний Новгород қаласының стадион құрылысы кезінде екі жағдайға тап болды. Бірі – жақсы, бірі – жаман. Жаманы: «Палатасистадион» аренасына қосымша 208 миллион рубль қажеттігі анықталған. Бұл басқа қалаларға қарағанда біршама көп. Жақсысы: Нижний Новгород ӘЧ-2018-де Ресей қалаларының ішінде бірінші болып таныстырылады.
Москва, «Лужники»
Сыйымдылығы: 81 мың орын.
Бағасы: 19,7 миллиард рубль.
Пайдалануға тапсырылатын мерзімі: 2017 жылдың мамыр айы.
Мемлекеттің бас аренасында реконструкция жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. ӘЧ-2018 финалы осы стадионда өтеді.
Екатеринбург
Сыйымдылығы: ӘЧ-2018 де 47 мың, онан соң 33 мың орын.
Бағасы: 15 миллиард рубль.
Пайдалануға тапсырылатын мерзімі: 2017 жыл.
Қаіргі таңда Екатеринбург қаласында екі стадион салынуда. Бірінде ресми кездесулер өтсе, екіншісінде командалар жаттығуларын өткізеді.
Самара
Сыйымдылығы: 45 мың орын.
Бағасы: 13 миллиард рубл.
Пайдалануға тапсырылатын мерзімі: 2017 жыл.
Самара аренасы алғаш Волга және Самара өзендерінің қосылатын жеріне салмақшы болған. Бірақ, бұл жоба қымбатқа түсетінін ескеріп, құрылысты қаланың ішіне көшіруге шешім шығарған.
Калининград
Сыйымдылығы: ӘЧ-2018 де 45, онан соң 30 мың орын.
Бағасы: 13 миллиард рубль.
Пайдалануға тапсырылатын мерзімі: 2017 жыл.
Калининград қаласының маңы батпақ болған соң оған топыр төгуге тура келген. Енді құрылыстың жүруі оңай болады, дейді құрылысшылар. Айта кетейік, топырақ төгу үшін қазынадан 1 миллиард рубль бөлінген.
Саранск
Сыйымдылығы: ӘЧ-2018 де 45, онан соң 30 мың орын.
Бағасы: 13,5 миллиард рубль.
Пайдалануға тапсырылатын мерзімі: 2017 жыл.
Бұл стадионда топтық турнир мен плей-офф ойындарын өткізу жоспарланып отыр. Қазірше стадионның 15 пайызы дайын.
Ростов-Дон
Сыйымдылығы: ӘЧ-2018 де 45, онан соң 35 мың орын.
Бағасы: 14,5 миллиард рубль.
Пайдалануға тапсырылатын мерзімі: 2017 жыл.
Дон өзенінің сол жағалауындағы аренаның құрылысы жоспар бойынша маусым айында басталу керек болатын. Бірақ, кейбір себептерге байланысты күз айына ауыстырылған.
Волгоград
Сыйымдылығы: ӘЧ-2018 де 45, онан соң 35 мың орын.
Бағасы: 14,5 миллиард рубль.
Пайдалануға тапсырылатын мерзімі: 2017-2018 жыл.
Волгоград – әзірше ӘЧ-2018 стадион құрылысы бойынша артта қалып келе жатқан қала.