Роналдиньо «Атлетико Минейро» клубымен келісімшартты үзді
Футболдан 2002 жылғы әлем чемпионы бразилиялық Роналдиньо «Атлетико Минейро» клубымен келісімшартты үзді. Келісім 2014 жылғы желтоқсанға дейін жасалған болатын.
Жергілікті БАҚ-тардың жазуынша, спортшы мен команданың жаңа бас бапкері Левир Кульпидің арасында келіспеушіліктер орын алған. Роналдиньо бұл клубта қалайын деп тұрған жоқ. 34 жаста екендігіне қарамастан, оған қызығушылық танытып отырған клубтар аз емес.