Бразилия құрамасының бас бапкері болған Сколари басқа қызметке тағайындалды
Бразилия ұлттық құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Луис Фелипе Сколари "Гремио" футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды.
Бұл туралы бразилиялық "Гремио" баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС-қа сілтеме жасап.
Айта кетейік, Сколаридің Бразилия жаттықтырушысы қызметінен кететіні футболдан биылғы Әлем чемпионатының жартылай финалында ұлттық құрама Германия командасынан 1:7 есебімен ойсырай ұтылғаннан кейін белгілі болды. Аталмыш команда үшінші орын үшін болған ойында да нидерландықтардан 0:3 есебімен ұтылып қалды.
Бұдан бұрын Сколари Бразилия құрамасын 2001-2002 жылдары басқарған. Ол жетекшілік еткен команда 2002 жылы Жапония мен Оңтүстік Кореяда өткен ӘЧ жеңіске жеткен еді. Сондай-ақ, ол бразилиялық ССА, "Жувентуде", "Бразил де Пелотас", "Гремио Бразил", "Гремио", "Гояс", "Крисиума", "Палмейрас" және "Крузейро" командаларына жетекшілік етті. "Әл-Шабаб" (Сауд Арабиясы), "әл-Кадисия" (Кувейт), "Джубило Ивата" (Жапония), "Челси" (Англия), "Бунедкор" (Өзбекстан) клубтарын да жаттықтырды.