Қазақстан Кубогының жартылай финалдық ойыны басқа күнге ауыстырылмайды
Қазақстандық клубтардың Еуропа Лигасына қатысуына байланысты Қазақстан Кубогының «Астана» мен «Ақтөбе» арасындағы жартылай финалдық ойыны басқа күнге ауыстырылмайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
«16 тамыз күні болатын ойын басқа күнге ауыстырылмайды», - дейді астаналық клубтың пресс-атташесі Дмитрий Нестеренко.
Бұған дейін қазақстандық клубтардың Еуропа Лигасына қатысуына байланысты 16 тамызда өтетін ойын басқа күнге ауыстырылуы мүмкін деген ақпарат болған. Алайда бұл ақпарат расталмады.
Естеріңізге сала кетейік, «Ақтөбе» Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде польшалық «Легия», ал «Астана» «Вильярреал» клубымен ойнайды. Қазақстандық командалар алғашқы ойындарын 21 тамыз күні өз алаңында өткізеді.