Англия премьер-лигасында «Челси» клубы турнир кестесінің көшін бастады
Англия премьер-лигасының 1-ші турының соңғы ойынында лондондық «Челси» клубы сырт алаңда «Бёрнли» клубын 3:1 есебімен жеңіп, премьер-лиганың көшін бастады.
Алғашқы голды 14-ші минутта алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Скотт Эрфилд соғып, командасын алға шығарды. Арада 3 минут өткен соң «Челси» клубының жаңа ойыншысы Диего Коста есепті теңестірген болса, 21-ші минутта Андре Шюррле гол соғып, «Челси» клубын алға шығарды.
Ойынның 34-ші минутында «Челси» клубының қорғаушысы Бранислав Иванович кездесуге нүкте қойды.