Бүгін «Ақтөбе» мен «Астана» Еуропа Лигасындағы қарымта ойындарын өткізеді
Бүгін «Ақтөбе» мен «Астана» Еуропа Лигасындағы плей-офф кезеңіндегі қарымта ойындарын өткізеді. «Астана» футболшылары испаниялық «Вильярреалмен» ойнайды. Астанада өткен ойын 0:3 есебімен аяқталған еді.
«Ақтөбе» польшалық «Легия» командасымен Варшавада кездеседі. Қазақстанда болған ойында польшалық ойыншылар 0:1 есебімен ұтқан.
Айта кетейік, Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіндегі «Вильярреал» - «Астана» ойыны 28-нен 29-на ауысқан күні Астана уақытымен 00:45-те «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ал, «Легия» - «Ақтөбе» ойынын «KAZsport» телеарнасы түнгі сағат 01:00-де тікелей эфирде ұсынады.