АПЛ. «Эвертон» мен «Челси» 10 минутта 5 гол соқты
Ағылшын Премьер Лигасының 3-ші турында лондондық «Челси» қонақта ливерпульдік «Эвертон» командасын 3:6 есебімен ұтты.
Айта кетейік, тоғыз допты бесеуі екінші таймның 10 минуты ішінде соғылды.
Осы жеңісінен кейін лондондық команда 9 ұпай жинап, АПЛ-дың жалпы кестесінде «Суонси» клубымен әзірге бірінші орнынды бөлісіп тұр. Ал, бір де ойында жеңіске жетпеген «Эвертон» 16-шы орында тұр.
«Эвертон» - «Челси» - 3:6 (1:2)
Голдар: Миральяс, 45. Нэйсмит, 69. Это’О, 76 — Коста, 1, 90. Иванович, 3. Коулмэн, 67 (автогол). Матич, 74. Рамирес, 78.