Жолдастық кездесу. «Қайрат» – «Рубин» – 2:1
Алматылық «Қайрат» жолдастық кездесуде қазандық «Рубин» командасын ұтты.
Айта кетейік, «Қайрат» командасының бірқатар ойыншысы Ұлттық құрамаға шақыртылып, бұл ойынға қатыса алмады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасына шақыртылған Самат Смақов, Аслан Дарабаев, Ермек Қуантаев, Бауыржан Исламхан, Марк Гурман, Станислав Лунин бар. Ал Артур Едигарян Армения ұлттық құрамасының сапына шақыртылды.
Бірқатар ойыншының жоқ болғанына қарамастан «Қайрат» шабуылдар ұйымдастырып, комбинациялық ойын көрсетті. Екінші таймда Заурбек Плиев «Рубин» қақпасына алғашқы голды соқты. Алайда, бірнеше минуттан кейін Тарас Бурлак есепті теңестірді. Осыдан кейін Михаил Бакаев «Қайратты» қайта алға шығарды. Осылайша, ойын 1:2 есебімен аяқталды.
«Рубин» (Қазан) – «Қайрат» (Алматы) - 1:2 (0:0)
Голдар: Бурлак - Плиев, Бакаев
«Рубин»: Фильцов, Камболов, Бурлак, Гетигежев, Сафеев, Георгиев, Карлос Эдуардо, Ливайя, Дядюн, Девич, Портнягин.
Қосалқы ойыншылар: Малолетков, Давлатов, Кибардин, Зайцев, Куклев.
«Қайрат»: Хомич, Плиев, Кислицын, Маркович, Бакаев, Қуат, Барбоса, Советов, Байтана, Ортега, Ли.
Қосалқы ойыншылар: Ткачук, Рудосельский, Таипов, Оразаев, Гоу, Балтабаев, Райымбек.
Төрешілер: Небогатиков, Ильясов, Коваленко (барлығы – Қазан)