VI каратэ шинкиокушинкайдан Әлем чемпионаты
2017 жылғы 1-2 шілде аралығында Астана қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде Каратэ Шинкиокушинкайдан Әлем Чемпионаты өтеді.
Астана қаласы әр түрлі мемлекеттерден 196 спортшыны жинап, олардың өз салмақтық категориясында үздік дәреже көрсетуіне үлес қоспақшы. Чемпионат 4 салмақтық категорияда ерлер мен әйелдер арасында өтеді.
Қатысушы мемлекеттер саны - 72.