Қырғыз елінің өкілі Кемел Токабаев Азия Чемпиондар Лигасының финалдық ойынының комиссары болып тағайындалды
Азия Футбол Конфедерациясы Азиялық Чемпиондар Лигасының финалдық ойынында қызмет ететін өкілдердің ресми тізімін жариялады. 2014 жылдың 1 қарашасында Эр-Рияд (Сауд Арабиясы) немесе әль-Айн (БАӘ) қаласында өтетін финалдық матчына Юичи Нишимура бастаған жапониялық төрешілер тобы қазылық етеді.
Сонымен қатар, бұл ойынның комиссары болып Қырғыз футбол лигасының директоры Кемел Токабаев тағайындалды.
«Маған сенім атқарған АФК-ға алғыс білдіремін. Финалдық ойын азиялық футболды жақсы көретін жанкүйерге көп жақсы көңіл-күй сыйлайды, деп ойлаймын», - деп келтіреді К. Токабаевтың сөзін ҚФЛ.
Фото: sport.akipress.org