Самат Смақов Қазақстан – Чехия ойынында комментатор болады
Қазақстан құрамасы мен алматылық «Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы Самат Смақов жарақатына байланысты Қазақстан – Чехия ойынына қатыса алмайды. Алайда, ол Еуро-2016 чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан – Чехия матчында комментатор болады.
Сонымен қатар, ҚФФ-ның спорт директорының орынбасары, кезінде белгілі қорғаушы, Қазақстанның 1994 жылғы үздік футболшысы Қанат Мұсатаев та бүгінгі ойында комментаторлық қызмет атқарады. Бұл ойынды Самат – орысша, ал Мұсатаев – қазақша жүргізеді деп жоспарлануда.
Еске сала кетейік, бұл кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы бүгін Астана уақыты бойынша сағат 21:40-да тікелей эфирде көрсетеді.