Қазақстандық төрешілер УЕФА Жасөспірімдер лигасының ойынында төрелік етеді
Бас төреші Александр Алиев (Алматы) және қапталдағы көмекшілері Самат Тергеусізов (Алматы) пен Әлібек Әубәкіров (Астана) бастаған қазақстандық арбитрлар алқасы УЕФА Жасөспірімдер Лигасының аясындағы БАТЭ (Беларусь) және «Шахтер Донецк» (Украина) арасындағы ойынға төрелік ететін болады, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.
Матч 2014 жылдың 21 қазанында Борисов қаласында өтеді.