Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-18) Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізеді
Қазақстандық маман Сергей Тагиевтің жетекшілігімен футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-18) 4-11 қараша аралығында Шымкент қаласындағы БИІК орталығының базасында оқу-жаттығу жиынын жиналады.
«Жиынның негізгі мақсаты – құрамаға үміткерлерді іріктеу. Келесі жылы еуропалық іріктеу ойындары басталады. Жарыс 19 жасқа дейінгі балалардың арасында өтеді. Бұл балалар келесі жылы осы жасқа келеді, сондықтан биыл көп жұмыс атқару қажет. Желтоқсан айында тағы бір оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылады. Онда Бразилияда мемлекеттік бағдарламамен тәлім алып жатқан футболшылар шақырылады», - дейді аға жаттықтырушы Сергей Тагиев.
Айта кетейік, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-18) аға жаттықтырушысы Сергей Тагиев бұған дейін «Лашын» және «Тараз» клубтарын жаттықтырған. Ал, бұл маусымда «Жетісу» клубының бас бапкерінің көмекшісі міндетін атқарған.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-18)
Қақпашылар:
Олег Грубов («Қайрат»), Егор Цуприков («Болат»).
Қорғаушылар:
Айбар Темірбаев («Ақтөбе»), Сұлтан Әбілғазы («Оқжетпес»), Валерий Андреев («Атырау»), Абылай Ахметов («Тараз»), Руслан Муфтолла («Атырау»), Мейіржан Меңлібаев («Ордабасы»)
Жартылай қорғаушылар:
Еркебұлан Амангелді («Ордабасы»), Мұқажан Мұқашев («Спартак»), Жусалан Елеузіс («Ордабасы»), Аршат Мәмешев («Тараз»), Максим Гладченко («Тараз»), Есімбек Нұрахметов («Қайрат»)
Шабуылшылар:
Максим Котов («Қайрат»), Рашид Люхай («Қайрат»), Арман Смаилов («Ертіс»), Владислав Васильев («Шахтер»)
Жаттықтырушылар құрамы:
Аға жаттықтырушы – Сергей Тагиев, жаттықтырушының көмекшісі – Қайрат Әубәкіров, қақпашылардың жаттықтырушысы – Игорь Кулиш.