Еуропа Лигасы. «Генгам» - «Динамо» матчына Артем Кучин қазылық етеді
UEFA еуропалық кубок турнирінің кезекті ойындарына төрешілерді тағайындады. Қазақстандық төрешілер бригадасы «Генгам» (Франция) мен «Динамо Минск» (Беларусь) ойынына қазылық ететін болды.
Бас төреші - Артем Кучин. Оның көмекшілері - Евгений Бельский, Анатолий Ходин, Сергей Васютин, Александр Гаузер және Александр Алиев.
Ал, матч инспекторы - Пол Аллертс (Бельгия), UEFA делегаты - Пауль Крэхенбюль (Швейцария).
Бұл ойын бейсенбі, 6 қараша күні Еуропа Лигасының топтық кезеңінің төртінші туры аясында өтеді.
Айта кетейік, 23 қазан күні Борисовте өткен үшінші тур ойынында «Динамо» мен «Генгам» 0:0 есебімен тең түсті. Бұл топтағы бірінші айналымнан кейін италиялық «Фиорентина» 9 ұпаймен топ бастап келеді. «Генгам» - 4 , ПАОК (Грекия) - 3, «Динамо» 1 ұпай иеленген.