Лига Кубогы. «Челси» мен «Ливерпуль» ширек финалға шықты
Сейсенбі күні Англия Лигасы Кубогнының төртінші кезең ойындары өтті. «Челси» мен «Ливерпуль» турнирді жалғастыру мүмкіндігіне ие болды.
«Челси» сырт алаңда екіншгі лиганың үздігі «Шрюсбери Таун» командасымен кездесті. Бірінші таймда есеп ашылмаса, екінші таймда Мохамед Салахтың ұтымды пасынан кейін Дидье Дрогба көзге түсті. Алаң иелері ойынның 77-ші минутында есепті теңестіргеенімен, ойынның аяқталуына санаулы минутында Джермейн Грандисон өз қақпасына гол соғып алып, «Челси» жеңісті тойлатты.
«Ливерпуль» өз алаңында «Суонсиді» қабылдады. Брендан Роджерстің бұрынғы клубы матчтың 65-ші минутында гол соғып, алаң иелерін тығырыққа тіреді. Гол авторы - Марвин Эмнес. Алайда, ойынға тыңнан қосылған Марио Балотелли таразы басын теңестірді. Ал, төреші белгілеген қосымша уақытта Деян Ловрен алаң иелеріне жеңіс әкелді. Есеп - 2:1.
«Вест Бромвич» сырт алаңда «Борнмуттан» 1:2 есебімен ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды. Ал, келесі кезеңге өткендердің қатарында «Шеффилд Юнайтед» пен «Дерби» бар.
Фото: Getty Images