Фалькао мен Лаллана өз клубтары үшін алғашқы голдарын соқты
«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы колумбиялық Радамель Фалькао клуб үшін алғашқы голын соқты. Оның «Эвертон» қақпасына соққан голы Англия Премьер-Лигасының 7-ші турында «МЮ» командасына жеңіс (2:1) әкелді.
«Барлық шабуылшыға гол соғу керек, сондықтан алғашқы голымнан кейін жеңілдік сезіндім. Болашақта көп гол соғамын деген ойдамын. Ең кереметі мен бұл голды «Old Trafford» стадионында салдым. Мен жанкүйерлермен бірге қуандым. Сонымен қатар, менің командаластарыма, барлық персоналға және бапкерлерге рахмет айтқым келеді», - деп келтіреді Фалькаоның сөзін MUTV.
«Ливерпуль» мен «Вест Бромвич» арасындағы ойында (2:1) 25 миллион фунтқа сатып алынған жартылай қорғаушы Адам Лаллана да өзінің жаңа клубы үшін алғашқы голын соқты. 26 жастағы жартылай қорғаушы осы маусымда кем дегенде 10 гол соғатынын мәлім етті.
«Алғашқы голды соққан кейінгі әрекетімнен менің қандай сезім мен әсерде болғанымды көруге болады. Бұл мен үшін абырой және иығымнан ауыр жүк түскендей. Мен өткен маусымда 9 гол салғанмын, енді осы жолы 10 голдан көп соқсам, жақсы болар еді» , - дейді Лалланының сөзін келтірген Liverpool Echo.