Арсен Венгер «Арсенал» ойыншыларының денсаулығы туралы хабарлады

«Арсенал» клубының бас бапкері Арсен Венгер испаниялық Микель Артетаның 9-қарашада «Суонси» командасымен ойнамайтынын айтты. Себебі, жартылай қорғаушы сейсенбіде Чемпиондар Лигасы аясында «Андерлехтпен» болған тең ойында (3:3) жарақат алған. «Артета жексенбіде ойнамайды. Ол жамбасының артқы жағын созып алды. Алайда, жарақат соншалықты ауыр болмағандықтан, ол қысқа уақытта айығуы керек. Микель ұлттық құрамалардың ойындарына байланысты болатын үзілістен кейін ойнай алуы тиіс», - деп келтіреді Венгердің сөзін клубтың сайты. Сонымен қатар, Арсен Венгер басқа ойыншылардың денсаулығы туралы мәліметтер айтты. «Оливье Жиру жаттығуды келесі аптада бастайды. Джек Уилширде бәрі жақсы, ол жексенбі күні ойнауға дайын. Дебюши, Оспина мен Озил жарақаттарынан тез айығып келеді. Алайда, олар ұлттық құрамалардың ойындарына байланысты үзілістен кейін қатарға қосылмайды. Тек Косельни ғана үзілістен кейін ойнауы мүмкін», - деді Арсен Венгер.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды