Ең көп жанкүйерлер «Ақтөбе» клубының ойындарына жиналады
Футболдан Қазақстан чемпионаты тарихында «Ақтөбе» 9-шы рет ойындарына жанкүйер ең көп жиналатын клуб атанды. Ал, өз алаңындағы ойындарға келетін жанкүйер саны бойынша алматылық «Қайрат» командасы көш басында.
Аяқталған футбол маусымында 192 матчты 747 550 адам (2013 жылы 802 800 адам) тамашалаған. Бұл орташа есеппен әр ойынға 3893 (2013 жылы 4 181 адам) жанкүйер келген.
Клуб ойынын тамашалауға жиналатын көрермендер саны (өз+сырт алаң):
1. «Ақтөбе» — 185 700 көрермен (орташа 5 803 адам);
2. «Қайрат» — 180 650 (5 645);
3. «Астана» — 133 600 (4 175);
4. «Ордабасы» — 131 700 (4 116);
5. «Кайсар» — 130 100 (4 066);
6. «Шахтёр» — 122 700 (3 834);
7. «Тобыл» — 113 900 (3 559);
8. «Атырау» — 112 200 (3 506);
9. «Тараз» — 102 750 (3 211);
10. «Спартак» — 99 600 (3 113);
11. «Жетысу» — 92 300 (2 884);
12. «Ертіс» — 89 900 (2 809);
Бір ойында ең көп жанкүйер жиналған командалар:
1. «Ақтөбе» (Ақтөбе) — 9 рет;
2. «Ертіс» (Павлодар) — 5;
3. «Есіл-Богатырь» (Петропавл) — 3;
4. «Елім-ай» (Семей) — 2;
5. «Батыр» (Екібастұз) — 2.
Клубтың өз алаңындағы ойындарға келген көрермен саны:
1. «Қайрат» — 123 300 көрермен (орташа 7 706 адам);
2. «Ақтөбе» — 110 500 (6 906);
3. «Кайсар» — 66 000 (4 125);
4. «Шахтёр» — 57 200 (3 575);
5. «Астана» — 55 800 (3 488);
6. «Ордабасы» — 54 500 (3 406);
7. «Тараз» — 50 750 (3 172);
8. «Тобыл» — 50 500 (3 156);
9. «Спартак» — 46 700 (2 919);
10. «Атырау» — 45 600 (2 850);
11. «Жетысу» — 43 500 (2 719);
12. «Ертіс» — 43 200 (2 700);
Клубтың өз алаңындағы ойында ең көп жанкүйер жиналған командалар:
1. «Ақтөбе» (Ақтөбе) — 7 рет;
2. «Ертіс» (Павлодар) — 5;
3. «Тараз» (Тараз) — 3;
4. «Есіл -Богатырь» (Петропавл) — 3;
5. «Батыр» (Екібастұз) — 2.