Литвалық футболшы «Тобыл» қатарын толықтырды
Талдықорғандық «Жетісу» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Арунас Климавичус қостанайлық «Тобылмен» келісімшарт жасасты.
Арунас Климавичус – орталық қорғаушы, Литва құрамасының ойыншысы.
Айта кетейік, ол Қазақстан премьер-лигасына 2011 жылы ауысты. «Жетісу» сапында 27 ойын өткізіп, 6 гол соқты.
2012 жылы «Ақтөбе» құрамына қосылғанымен, 2013 жылы талдықорғандық клубқа қайта оралып, екі жыл ойнады.
2014 жылдың қарашасында келісімшарты аяқталып, 1 желтоқсанда «Тобыл» қатарын толықтырды.
Фото: kooora.com