MiniEURO 2014. Қазақ футболшылары әуесқойлар арасындағы Еуропа чемпионатында ширек финалға жетті
26-30 қараша аралығында Черногорияда футболдан әуесқойлар арасындағы Еуропа чемпионаты аяқталды. Бұл чемпионаттың ресми атауы – MiniEURO 2014.
Бұл сынға жолдама алған Қазақстан құрамасы Ирландия, Италия және Хорватия футболшыларымен «А» тобына түсті.
Жерлестеріміз алғашқы ойында Ирландия футболшыларын 6:0 есебімен ұтты. Асхат Әлжақсин екі мәрте көзге түссе, Дархан Жүсіпов, Марат Ысқақов, Асан Барлыбаев пен Сергей Надточей бір-бірден мергендік танытты.
Екінші ойында қазақ футболшылары Италиямен 1:1 есебімен тең түсті. Андреа Чиривидің соққан голына Ермек Әбділбаев жауап қайтарды.
Топтық кезеңдегі соңғы ойында Хорватия футболшыларына 0:1 есебімен есе жіберді.
Бұл топта барлық кездесуде жеңіске жетіп, 9 ұпай жинаған Хорватия бірінші орынға ие болды. Ал, Қазақстан футболшылары 4 ұпаймен екінші орынды иеленіп, ширек финалға өтті. Италия екі, Ирландия бір ұпай жинады.
1/6 финалда жерлестеріміз «В» тобының жеңімпазы Польша құрамасынан 2:0 есебімен басым түсті. Гол авторлары – Қайрат Әубәкіров пен Дархан Жүсіпов.
Ширек финалда Словения футболшыларымен кездесіп, есеп аша алмай тарасты. Матч соңындағы пенальтиде жерлестеріміздің жолы болмады.
Бұл чемпионатта Румыния футболшылары жеңімпаз атанды. Словения құрамасы екінші орынды иеленсе, үшінші орын Чехияға бұйырды.
Айта кету керек, турнирге 24 елдің командасы қатысты. Айтулы жарыста ел намысын «Семей» клубы қорғады.
Қазақстан:
Бас бапкер - Борис Глушков
Менеджер – Асқар Ұранқаев
Қақпашы – Григорий Шамро
Қорғаушылар – Ермек Әбділдаев, Батыр Әлиев, Асхат Әлжақсин, Қайрат Әбубәкіров, Асан Барлыбаев, Кирилл Малиев, Сергей Надточный, Евгений Перов, Ярослав Сеттаров, Дархан Жүсіпов.
Шабуылшылар – Ұлан Жақсылықов, Марат Ысқақов.
Фото: minieuro2014.com