«Қайрат» футбол клубы Түркияда жиналады
Бас бапкер Владимир Вайсс шәкірттері 7-19 қаңтар аралығында Түркияның Анталия қаласында дайындықтарын шыңдайды.
Екінші жиын 26 қаңтар мен 7 ақпан аралығында Біріккен Араб Әмірлігінде өтпек. Абу-Дабиде ел кубогының иегерлері бірқатар жолдастық кездесу өткізеді. Сонымен қатар, халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Алматылық ұжым 10-шы ақпанда қайтадан Анталияға жиналады. Бұл жақта жаңа маусым алдындағы дайындықтарын пысықтайды. Сонымен қатар, жолдастық кездесулер өткізу жоспарланған.
Айта кетейік, бас бапкердің көмекшісіне үміткер ретінде оқу-жаттығу жиынына қазақстандық маман Константин Горовенко шақырту алды. Ол бұған дейін «Сұнқар» клубы мен «Қайраттың» академиясында қызмет атқарған.
Фото: www.fckairat.kz