Футболдан Қазақстан жастар құрамасының капитаны - Аслан Рафкат
Футболдан Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушылары Санкт-Петербургте басталатын Достастық Кубогында капитан болатын футболшыны анықтады. Бұл міндет қостанайлық «Тобыл» клубының қорғаушысы Аслан Рафкатқа жүктелді.
Аслан Рафкат - «Оле Бразил» академиясының түлегі. Елорданың «Бәйтерек» клубында екі жыл ойнады. 2014 жылы «Тобыл» сапында Премьер-лигада 17 матч өткізді.
Сонымен қатар, жаңа капитан Қазақстан жасөспірімдер құрамасында үш рет жасыл алаңға шығып, 1 гол соққан.
Ал, жастар құрамасындағы алғашқы ойынын Франция құрамасына қарсы өткізді.
Еске сала кетейік, Қазақстан жастар құрамасы Достастық Кубогындағы алғашқы матчында Тәжікстан футболшыларымен кездеседі.