Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы (U-17) Грузия құрамасымен ойнайды
Испаниялық бапкер Карлес Мартореллдің жаттықтыратын футболдан Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жастар құрамасы Грузияда оқу-жаттығу өткізуде.
28 қаңтарда қазақстандық футболшылар жиындағы алғашқы ойынын Грузия құрамасымен өткізеді, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 1999-2000 жылдары туған балалардан жасақталған Қазақстан жастар құрамасы (U-17) 26 қаңтардан бастап Грузияның Зугдиди қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде.